Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінің имамы Мирас Ерланұлының ұйымдастыруымен «Тайқазан» қайырымдылық жобасы аясында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.
Игі шараның басты мақсаты – қоғамдағы мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын насихаттау. Азық-түлік көмегі көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, науқас жандарға және әлеуметтік қолдауды қажет ететін өзге де азаматтарға үлестірілді.
Мешіт ұжымы мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын тауып, игі істер арқылы қоғамда мейірімділік пен өзара көмек мәдениетін нығайтуға үлес қоса беретінін атап өтті.
Шара соңында көмек алған тұрғындар ұйымдастырушыларға шынайы ризашылықтарын білдіріп, қайырымдылыққа ұйытқы болған барша жандарға Алла Тағаладан мол сауап пен береке тіледі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы