Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба» мешітінде «Тарих және тағылым» тақырыбында рухани кездесу ұйымдастырылды
«Әнет баба» мешітінде «Тарих және тағылым» тақырыбында рухани кездесу ұйымдастырылды

«Дәстүр және отбасы» бағыты аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Тарих және тағылым» тақырыбында тағылымға толы рухани кеш ұйымдастырылды.

Рухани кешке мешіт ақсақалдары, жамағат және зиялы қауым өкілдері қатысты. Басқосу барысында халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, бауырмалдық пен ауызбіршіліктің маңызы кеңінен сөз болды. Сонымен қатар Ислам дінінің ғылыммен, біліммен және ұлттық құндылықтармен сабақтастығы жан-жақты түсіндіріліп, тарихи сананы қалыптастырудың мәні айтылды.

Кештің құрметті қонағы – Жұмағали Мағзи, «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының» ғылыми қызметкері, тарих ғылымының магистрі, белгілі өлкетанушы болды. Ол қатысушылармен тарихи мұраны зерттеу, ұлттық құндылықтарды сақтау және кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы жөнінде тағылымды ой-пікірлерімен бөлісті.

Кездесу барысында Жұмағали Мағзи мырзаның «Нілді. Тарих және тағылым» атты еңбегінің ағылшын тіліне аударылып, Лондон қаласында өткен халықаралық Mega Fest 2026 мәдени форумында бірінші орынға ие болғаны ерекше аталып өтті. Бұл жетістік – қазақ тарихын, мәдениеті мен рухани мұрасын әлемге таныту жолындағы маңызды табыстардың бірі екені айтылды.

Рухани кеш еркін сұхбат форматында өтіп, жамағат көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Іс-шара соңында ақсақалдар ел бірлігі, ұрпақ тәрбиесі және ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолындағы мұндай кездесулердің маңыздылығына тоқталып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.




Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz