Ақтоғай аудандық мешітінде жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында дәретхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда дәретхананың ескі қабырғалары бұзылып, жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу барысында ғимараттың ішкі бөліктері толық ретке келтіріліп, санитарлық талаптарға сай заманауи жағдай жасау көзделген.
Аталған жұмыстар мешітке келушілердің қолайлы әрі таза ортада ғибадат жасауына мүмкіндік беруге бағытталған. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін дәретхана жамағат игілігіне толық пайдалануға беріледі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы