Center Image
IHSAN.KZ
Осакаровка: «Жас толқын- Дала семинары» өтті
Осакаровка: «Жас толқын- Дала семинары» өтті

Осакаров аудандық мешітінің ұстазы Ақбота Қайратқызының ұйымдастыруымен әйел-қыздарға арналған «Жас толқын – дала семинары» өтті.

Семинар барысында қатысушылар түрлі спорттық ойындарға қатысып, топтарға бөлініп өзара бақ сынасты. Сонымен қатар қазақтың ұлттық ойындарының бірі – «Бес тас» ойыны ойнатылып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөлінді.

Іс-шараның басты мақсаты – жамағат арасында ауызбіршілік пен татулықты нығайту, өзара сыйластық пен ынтымақтастықты арттыру болды.

Шара аясында Ақбота Қайратқызы қатысушыларға бірлік пен ынтымақтың маңызы туралы уағыз-насихат айтып, қоғамдағы татулықтың, өзара қолдаудың және бауырмалдықтың орны ерекше екенін түсіндірді. Семинар соңында қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz