Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде Алла Тағаланың 99 көркем есімін жатқа айту сайысы өтті
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде Алла Тағаланың 99 көркем есімін жатқа айту сайысы өтті
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде шәкірттердің діни білімін арттыру және Алла Тағаланың көркем есімдерін насихаттау мақсатында «Алла Тағаланың 99 көркем есімін жатқа айту» атты сайыс ұйымдастырылды.

Сайысқа жалпы саны 25 бала қатысып, өздерінің дайындық деңгейлерін көрсетті. Іс-шараның ашылуында мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, Алланы танып-білуде Оның көркем есімдерінің маңыздылығына тоқталды.

Сайыс барысында қатысушылар Алла Тағаланың 99 көркем есімін жатқа айтып, өзара бақ сынасты. Қазылар алқасы балалардың жаттау деңгейі мен айту мәнеріне баға берді.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орын иеленген қатысушыларға қаржылай сыйлықтар табысталып, барлық қатысушыларға алғыс айтылды.

Осындай тағылымды шаралар жас буынның имандылыққа бет бұрып, діни білімін жетілдіруіне және рухани құндылықтарды бойына сіңіруіне оң ықпал етеді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz