Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінде тазалық пен көркейту жұмыстары ұйымдастырылды.
Игі шара барысында мешіт ауласы қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Сонымен қатар аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жамағаттың құлшылық жасауына қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Тазалық жұмыстарына мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағат мүшелері белсене қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы