Center Image
IHSAN.KZ
«Қауіпсіз қоғам және бақытты балалық шақ» атты спорттық іс-шара өтті
«Қауіпсіз қоғам және бақытты балалық шақ» атты спорттық іс-шара өтті

Шет ауданына қарасты Ақадыр кенті «Иса молла» мешітінің ұстазы Алия Рахманқызының ұйымдастыруымен балалар арасында «Қауіпсіз қоғам және бақытты балалық шақ» атты спорттық іс-шара өтті.


Шараның мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, достық пен ұйымшылдықты арттыру болды.


Сайысқа қатысушылар «Жалын», «Тұлпар» және «Сұңқар» атты үш топқа бөлініп, өзара бақ сынасты. Бағдарлама аясында эстафеталық жарыс, секіртпемен секіру және түрлі қызықты спорттық ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, шапшаңдықтары мен ептіліктерін көрсетті.


Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз топтар анықталып, І, ІІ және ІІІ орын иегерлері марапатталды. Шара соңында барлық қатысушыларға сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.


Осындай игі шаралар балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал етіп, олардың дене тәрбиесі мен рухани дамуына оң әсерін тигізеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz