Center Image
IHSAN.KZ
«Жас толқын – дала семинары» аясында тағылымды шара өтті
«Жас толқын – дала семинары» аясында тағылымды шара өтті

«Жас толқын – дала семинары» тақырыбы аясында Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Оразалы Ноянұлы мешіт шәкірттеріне арналған арнайы танымдық әрі тәрбиелік шара ұйымдастырды.


Шара барысында шәкірттер таза ауада түрлі спорттық ойындарға қатысып, футбол ойнады. Сонымен қатар домбыра үйреніп, ұлттық өнердің құндылығымен танысты. Бағдарлама аясында рухани-танымдық дәріс өткізіліп, жастарға имандылық, адамгершілік және ұлттық құндылықтар жайында насихат айтылды.


Іс-шараның негізгі мақсаты – жас буынды салауатты өмір салтына баулу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, рухани және ұлттық тәрбиені ұштастыру болды.

Осындай игі бастамалар жастардың жан-жақты дамуына ықпал етіп, олардың бойында отансүйгіштік пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға септігін тигізеді


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz