Center Image
IHSAN.KZ
Қазыбек би мешітінде жат ағым зардабы түсіндірілді
Қазыбек би мешітінде жат ағым зардабы түсіндірілді

Қарағанды қаласындағы Қазыбек би мешітінің наиб имамы Дастан Жанқозыұлы мешіт жастарына деструктивті ағымдардың зардабы мен олардың қоғамға тигізетін кері әсері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Кездесу барысында имам жастарға жат ағымдардың белгілері, олардың адам санасына әсері және дұрыс діни білім алудың маңызы туралы кеңінен айтып өтті. Сонымен қатар, дін жолында асығыстыққа жол бермеу, тек сенімді діни ақпарат көздеріне жүгіну қажеттігі атап өтілді.


Шара соңында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, діни сауаттылықты арттыруға бағытталған пайдалы насихат айтылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz