Балқаш қалалық мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында Қасиетті Құранның «Фәджр» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқудан рухани сайыс өтті.
Сайысқа қатысушылар саны өте көп болып, жамағат арасындағы Құранға деген ерекше сүйіспеншілік пен ынта айқын көрінді. Жасына қарамастан үлкені де, кішісі де қатысқан тағылымды жарыс өте жоғары деңгейде өтті.
Құран жарысында озық шыққан алғашқы үш жеңімпаз арнайы сертификаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Атап айтқанда:
1-орын — 70 000 теңге,
2-орын — 50 000 теңге,
3-орын — 30 000 теңге.
Өз кезегінде бас имам барлық қатысушыларға ризашылығын білдіріп, мұндай рухани сайыстардың жамағаттың Қасиетті Құранға деген құлшынысы мен ықыласын арттыруда маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, алдағы уақытта да осындай игі шаралар жалғасын табатынын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы