Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан майдангерлер мен шейіт болған боздақтардың рухына арнап Құран бағышталды.
Рухани шараға мешіт жамағаты қатысып, мешіт ұстазы Оразалы Ноянұлы қасиетті Құран аяттарын оқып, марқұмдардың рухына дұға жасады. Сонымен қатар ел тыныштығы, халықтың амандығы мен берекесі тілінді.
Кездесу барысында ардагерлердің Отан жолындағы жанқияр ерлігі сөз етіліп, олардың өнегелі өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі екені айтылды. Жамағат майданда қаза болған батырларды үнсіздікпен еске алып, олардың есімі халық жадында әрдайым сақталатынын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы