Асыл дініміз үшін қажырлы еңбек етіп, облысымыздағы ұтымды істердің ұйытқысына айналып жүрген дін қызметкерлерінің еңбегі ерен.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай ауданының имамы Мукаев Аманбол Рымқұлұлы Сәрепті ауылына арнайы қызметтік іс - сапар жүргізу барысында аймаққа жаңадан тағайындалған имамды халыққа таныстырды. Жиылған жамағатқа ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының Рамазан айымен құттықтауы мен сәлемін жеткізді. Жамағатқа "ихсан ілімі" бағыты бойынша уағыз насихат айтты. Сондай-ақ, ауылдың діни ахуалынан хабар алып, қасиетті Рамазан айының барысында атқарылып жатқан жобалар мен жоспарларды пысықтады. Мешіттің ішкі-сыртқы жұмысы мен тазалығына бақылау жұмыстарын жүргізді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы