Center Image
IHSAN.KZ
Рамазанның алғашқы күні Ислам дінін қабылдады
Рамазанның алғашқы күні Ислам дінін қабылдады

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ерекше басталды. Сексен үш жылдың сауабына тең келер берекелі айда Аллагың жердегі үйіне келіп, Ислам дінін қабылдауға ниетт еткен Виктор есімді орыс ұлтының өкілі мешіт жамағатына қуаныш  сыйлады. Игі рәсімді облыстық мешіттің наиб имамы Асылхан Нұртайұлы жүзеге асырып, бауырымызға кәлима шаһадат айтқызып, мұсылмандықты қабылдатты. Исламның шарттары мен парыздарына иілемін деген бауырымыз ертеңнен бастап қасиетті Рамазан айының оразасын тұтпақ. Ендеше, мұсылмандықтың нәрін енді татқалы жатқан  ортасына жаңадан  бауырымыздың шынайы ниеті қабыл болып, жасаған игі істерінің сауабын Алла Тағала еселеп жазғай.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz