Center Image
IHSAN.KZ
ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІ АТЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯ АШЫЛДЫ (ФОТО)
ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІ АТЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Нұр-Мүбарак университетінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти қызметін атқарған шығыстанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Әбсаттар қажы Дербісәлі атындағы аудитория ашылды.

Салтанатты шарада университет басшылығы Әбсаттар қажы Дербісәлінің еліміздегі білім-ғылым, дін саласында ғана емес, Нұр-Мүбарак университетінің тарихында өзіндік қолтаңбасы барына ерекше тоқталды. Университет ұжымының ынта-ықыласына ризалығын білдірген Әбсаттар қажы Дербісәлі осыдан 20 жыл бұрынғы ахуалға шегініс жасап, тарихи бастаманы жоғары деңгейде алып кеткен университет басшылығына, ұжымына ризалығын білдіріп, алғысын жаудырды.

Ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди университеттің Диссертациялық кеңес төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлінің қазақ  елі үшін ғана емес, Ислам әлеміне қосқан үлесіне тоқталып, шәкірттердің академиктен үйренері көп екенін атап өтті. 

Университеттің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған жаңа аудитория студенттер үшін ерекше сыйлық болды. Себебі ғалымның еңбектері, тарихи суреттері, жаңа технологиялармен жарақтанған аудитория, тіпті қазіргі пандемиялық жағдайларды да ескергендіктен, білім алуға мүмкіндік пен ықыласты арттыра түспек.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz