Әуелі әлемдердің Раббысы, әлемдердің Жаратушысы, көзге көрінетін көзге көрінбейтін барлық жаратылыстың Жаратушысы Аллаға сансыз мадақтан болсын және Оның елшісіне әрі Оның құлына, көркем мінездің, ахлақтың ұлы бейнесі Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с) салауаттан болсын.
Қайбіріміздің басымызға іс түскенде тума-туыс, бауыр-жегжат іздеп кететініміз бар. Сұранып, тіленген сайын, сұранғаныңның алдында жерге кірердей болатының тағы бар. Алла айтады: «Менен сұраңдар, сұрағандарыңды беремін». Жаратушы тұрғанда, жаратылған пендеден сұранып не бар?
Зекет- Алланың ең ұлық, ең ғанибет, берері мол ең ғажап парыздарының бірі. Болайын деген жамандықты болымсыз етіп, жаман ақырдың алдына аждаһадай қаруланып тұратын да-Зекет!
Зекеттің берер пайдасы ұшан теңіз. Көркем мінезге қадам бастырып, пейіліңзді кеңейтеді. Жаныңызды жадыратып, жүрегіңізді кеңейтеді. Жүректегі жылылық жанға шуағын беріп, имандылығыңыз артады. Мол сауап иесі боласыз.
Сізге бар байлығыңызды сарп етіп, өзің дымсызтқал демейді. Не бәрі бар байлығыңның 2 пайызын Алла жолында тарқатсаң, Алла Тағала сол бергеніңнің екі есесін қайтарып береді. Алла солай уәде берген.
Мына ғажапты қараңыз:
Күндердің бір күнінде жылдар бойы тер төгіп, тиын-тебендеп бір пақыр ақша жинапты. Жинаған ақшасына алтын алып, оны сандық түбіне тастай беріпті.
-Жинаған ақшаңды пайдаңа жарат,-дегенге көнбеген пақыр: -Зекет беремін,-деп жауап айтады екен. Сонда елдер күледі:
-Неңмен зекет бересің? Шық бермес шығайбайсың,-дейді.
Оған пақыр ештеңе демейді. Солай жылдар өтеді. Пақыр пақырлықтан шығып, баии түседі. Тіпті, өзінің зекет беремін дегенін ұмыта бастапты.
Байып кеткені соншалық, өзге де байлар бұ байға өштесіп, жолда келетін керуенін тонаушыға адамдар жібереді. Жолда келе жатқан пақыр-бай, жолда бір топ қайыршыларға тап болады. Сонда Пақыр-бай әлгі қайыршыларды көргенде, өзінің «Зекет беремін» деген уәдесі есіне түсіп, сол жерде әлгі сандығында неше жыл бойы сақталған алтынының жартысын тарата салады екен. Қайыршылар рахметін айтып, өз жолымен кете барады. Керуен өз жолын қайта жалғастырады. Сол кезде, әлгі керуенді тонауға келе жатқан қарақшылар жолда құм боранға тап болып, айдалаға ауып кетеді екен. Пақыр-бай, кейін өзінің керуенің тонауға қарақшылар келе жатқанын және олардың құм боранына тап болып кеткенін естіп, көзіне жас алып, жерге жата қалып еңірейді екен. Зекет үшін бай боламын деген уәдесін ұмытса да, Алла есіне түсіріп, бір жамандықтан сақтағанына тәубе етеді екен.
Яғни, зекет келе жатқан жамандықтың алдын алып, қаруланған әскердей төтеп беруге шамасы жетеді.
Зекет сонау пайғамбарлардан келе жатқан өсиет-парыз. Алла тағала Құранда ол туралы былай дейді: Алла Тағала Иса (а.с.) пайғамбар туралы: «Ол (Алла) маған тірі болған шағымда намаз оқуымды, зекет беруімді өсиет етті» (Мариям, 31), – десе, ал Исмаил пайғамбар (а.с.) туралы: «Ол (Исмаил) жанұясына намаз оқуға, зекетті орындауға бұйыратын және Раббысынан разылыққа бөленген еді» (Мариям, 55), – дейді.
Даңқты әрі ұлық Алла Тағала Бәни Исраилға былайша деп уәде еткен: «Егер намаз оқып, зекет беріп, Менің пайғамбарларыма иман келтіріп, оларға көмектесіп, Аллаға көркем қарыз берсеңдер, әлбетте, жамандықтарыңды жойып, астарынан өзен ағатын бақтарға кіргіземін» (Мәида, 12).
Зекетті соншалықты күшке ие етіп қойған Алла қандай ұлық. Байлығыңның бір ғана түйірдейін беріп, бар байлығыңды еке есе көбейтіп, Алланың разылығы мен мол сауаптарға ие еткізіп қойған-Зекеттің құдіреті.
Алланың елшісі (ﷺ) өзінің хадистерінде зекеттің Ислам дінінің ең басты парыздарының бірі екендігін баса айтып өткен. Мысалы, аса танымал хадисінде ол (ﷺ) былай дейді: «Ислам бес нәрседен: Алладан басқа құдай жоқ екендігіне және Мұхаммед Алланың елшісі екендігіне куәлік беруден, намаз оқудан, зекет беруден, қажылықтан және рамазан айында ораза тұтудан құралған», – деген. (Бұхари мен Мүслім риуаят еткен).
Зекет беруден мал-мүліктің кемімейді, кедейленіп, үйсіз қалмайсың. Зекет малды көбейтіп, береке дарытады, қызғаншақтардың құрт көздерінен, ашкөздердің бұзық пиғылдарынан, ұры-қарының жаман әрекеттерінен қорған болады. Бұл туралы да Алла Елшісі (с.а.с)
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте былай деген: «Садақа ешбір малды кемітпейді. Алла біреуге кешірім жасаған пендесінің абыройын асырады. Кімде-кім Алла үшін кішіпейіл болса, Алла оның дәрежесін көтереді». (Мүслім риуаят еткен.)
Қазір ғаламтор дамып, ақпарат суша ағып, халық жан-жақты дамып жатқанында, ел бұзып, пиғыл арандатушылар да көбейіп барады. Баюдың жолдарын, ақша көбейтудің формулаларын сатып әлек болғандар тағы бар. Ақша , байлық жолын қуамын деп, парыз болған зекетті ұмытып барады. Бар байлықтың қайнар көзі-Зекетте екен мыңдаған жылдардан белгілі.
Алла Тағала баршамызға шамамыз келгенше Зекетімізді беріп, екі дүниеде де мол сауаптан жазып, астында өзендер ағатын Жәннәт иесі болуымызды жазсын.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» қорының өкілі Жаримбетов Мұхит
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы