Center Image
IHSAN.KZ
Қарағандыда «Бір мезетте 30 000 түп тал отырғызу» акциясы жүзеге асты
Қарағандыда «Бір мезетте 30 000 түп тал отырғызу» акциясы    жүзеге асты

Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Дініміз бойынша да ағаш пен жеміс ағаштарын егу сауапты амал.

Ардақты пайғамбарымыздың бір хадисінде: 

«Кімде-кім бір ағаш отырғызса, бұл ағаш жеміс бергенге дейін оған қарап қорғаса, бұл ағаштан түскен әрбір жеміс Алла алдында ол адам үшін бір садақа болады» ,- деген. Тал егу дінімізде сауапты іс екеніне осы хадис дәлел.

ҚМДБ тарапынан ағымдағы  жылы  "ҚМДБ 30 жылдығына орай 30 000 түп тал (ағаш) отырғызу" акциясы жарияланған болатын.

 Пайғамбар сүнетін жаңғырту мақсатында әрі сауапты істің қарымынан құр алақан қалмау үшін Қарағанды облысы "Бір мезетте 30 000 түп тал отырғызу" акциясын    жүзеге асырды. Игі шара барысында жалпы облыс бойынша 1606 түп ағаш отырғызу жоспарланып, аймағымызға қарасты барлық қала, аудан, елді-мекендерде акция жалғасын тапты. Шара барысында облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы осындай игі шараға ат салысып жатқан жандарға алғысын білдіріп, батасын берді. Жергілікті БАҚ өкілдері игі бастаманы қалың бұқарамен  бөлісті.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz