Center Image
IHSAN.KZ
ЖАҢААРҚА АУДАНЫ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ-ҚАДІРЛІ ІС
ЖАҢААРҚА АУДАНЫ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ-ҚАДІРЛІ ІС

Күллі мадақ әлемдерді жаратқан Жаратушы Алла Тағалаға болсын! Адамзат баласына екі дүние бақытын көрсеткен ардақты елші Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с.) сансыз салауаттар болсын!

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай 30 игі іс-шара аясында Қарағанды облысында  игі - шара жүзеге асты.

 Науқас жанды зиярат етіп, оған демеу көрсету ардақты Пайғамбарымыздан (с.а.с) қалған сүннет.                                                  Елімізде орын алған қазіргі қиын жағдайда ауруханаларға қолдау көрсетіп, науқас жандарға демеу болу мақсатында Жаңаарқа ауданының «Халық» мешіті жергілікті ауруханаға 2 ИВЛ аппаратын  көмек ретінде жеткізді.

 Пайғамбарымыз (с.а.с) садақа жайында: «Мұсылманның садақасы ғұмырын ұзартады. Оны мезгілсіз өлімнен сақтайды. Күпірлік пен мақтаншақтықтан аластатады»,- деген.

Осындай игі істің басында жүріп, қайырымдылық шарасын ұйымдастырған Жаңаарқа ауданының "Халық" мешітіне ақ халатты абзал жандар алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.

  Алла тағала осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz