Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ»
ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ»

Алла елшісі (с.а.с) өзінің бір хадисінде: «Жақсылық жасаудан өзара жарысыңдар»,-деп айтқанындай, облысымыздың барлық қала-аудандарында, елдімекендерінде жаңа оқу жылының қарсаңында «мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастрылып жатыр. Осындай кезекті іс-шараның бірі Қаражал қалалық «Нұр» мешітінде өтті. Игі шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің «Қыздар жамағаты» ат салысты. Шарада мектеп жасындағы 20 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп сөмкесі үлестірілді. Қайырымдылық акциясын ұйымдастырған мешіт қызметкерлері мен демеушілік көрсеткен жомарт жандарға ата-аналар алғыстарын білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі     


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz