Center Image
IHSAN.KZ
10 ТАМЫЗ – АБАЙ КҮНІ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ
10 ТАМЫЗ – АБАЙ КҮНІ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып жарияланды.

Алдағы уақытта 10 тамыз – Абай күні болып мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізіледі. Сондай-ақ жыл сайын халықтық мейрам ретінде аталып өтеді.

Айта кетейік, биыл – қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. Атаулы мерекеге орай жуырда ақпарат кеңістігіне «Ақыл ойдың айнасы» деген ұранмен жол тартқан «Abai tv» телеарнасы жол тартты. Абайға қандай құрмет көрсетсек те артық етпейді. Себебі қазақты қамшылаған Хәкім Абай құрметке әбден лайық!


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz