Center Image
IHSAN.KZ
АҚТҮБЕК АУЫЛЫ «БІЗ БІРГЕМІЗ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ИГІ ШАРА АТҚАРДЫ (ФОТО)
АҚТҮБЕК АУЫЛЫ «БІЗ БІРГЕМІЗ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ИГІ ШАРА АТҚАРДЫ (ФОТО)

«Алланың Елшісі (с.а.у.): Садақа беруде асығыңдар. Өйткені апат садақадан оза алмайды», - деген.

Өзгеге қол ұшын беру мен садақа берудің ең маңыздысы өзі мұқтаж бола тұра барын бөліп беруі болмақ. «Кімде кім адал жолмен тапқан табысынан бір құрмадай садақа берсе, Алла ол садақасын қабыл етеді. Содан кейін оны таудай болғанша, яғни сендерден біреуіңіз тайын өсіргендей иесіне барынша үлкейеді», - дейді. 

Еліміздің басына күн түскен қиын қыстау заманда Ақтүбек ауылдық округі халықтың денсаулығына араша түсіп, күні-түні тыным таппай халықтың денсаулығы үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға 500 литр қымызды теңдей  үлестіріп, қайырымдылық жасады. Игі шара Жаңаарқа ауданы әкімінің қолдауымен «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы аясында жүргізілді.    

Осындай игі шараны жүзеге асырған барша жомарт жандарға Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа ризашылығын білдіріп, батасын берді. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты «Зекет» қоры өкілдігі мен «Жастар ісі» бөлімі облыстық туберкулезге қарсы диспансері  қызметкерлеріне қымызды теңдей үлестіріп, ақ халатты абзал жандардың алғысына бөленді.

Берген қол алушыдан жоғары тұрады. Ал алушы берушіге дұғада болатындықтан, сізде садақа беріңіз, өзгелерде Алладан сіздің тілеуіңізді тілесін.

                                                             


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz