ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің «Ислам және адал қоғам» атты еңбегі Қарағанды қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қорына табысталды.
Игі шара ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Аталған бастаманың басты мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани-ағартушылық жұмыстарды жандандыру және ислам дінінің асыл құндылықтарын кеңінен насихаттау.
Бас мүфтидің «Ислам және адал қоғам» атты еңбегінде адалдық, әділдік, адамгершілік, ізгілік және жауапкершілік сынды маңызды құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Кітап оқырманды көркем мінезді болуға, адал еңбек етуге, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге және ізгі амалдарды көбейтуге үндейді.
Аталған еңбектің кітапхана қорына табысталуы оқырман қауымның рухани танымын кеңейтіп, діни-ағартушылық әдебиеттерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы