Center Image
IHSAN.KZ
«ТӨЛЕУТАЙ АТА» МЕШІТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН МЕШІТАРАЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ
«ТӨЛЕУТАЙ АТА» МЕШІТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН МЕШІТАРАЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында үстел теннисінен сайыс өтті.

Спорттық шараның басты мақсаты – мешіт жамағаттары арасындағы достық пен бауырмалдықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылықты арттыру.

Жарыс барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, шеберліктері мен ептіліктерін көрсетті. Тартысты өткен сайыста ойыншылар жоғары дайындықтарын танытып, жеңіске деген жігерлерін көрсете білді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

 І орын – Бекзат Асылбекұлы;

 ІІ орын – Нұрдәулет Әбукәрімұлы;

ІІІ орын – Ибраһим Нұрланұлы.

Аталған спорттық шара жамағаттар арасындағы өзара сыйластық пен ынтымақтастықты арттырып, бірлік пен бауырмалдықты нығайтуға ықпал етті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz