1 ақпан күні – әлем бойынша Хиджаб күні болып саналады. Мыңдаған әйел қауымы, оның ішінде мұсылманы да, мұсылман емесі де бар, барлығы жиналып, хиджаб киіп далаға шығады. Бұл дінаралық бірлестік пен Ислам дініне деген сыйластықтың белгісі ретінде өтетін айтулы күндердің бірі.
Бұл мереке осымен екінші рет өткелі отыр, алғашқы рет Хиджаб күнін Нью-Йорктың тұрғыны Назма Хан өзінің мұсылман емес құрбыларына бір күн бойы хиджаб киіп, сұлулықтарын бөгде адамдардың жанарынан жалтартып, жасырудың қандай екендігін сезіндірту үшін ұсынған болатын.
Назма Ханның ұсынысын барлық әлем қабыл алды, ал оның құрған тобының парақшалары әлемнің 22 тіліне аударылып, таратылған еді.
Ұлыбритания, Австралия, Индия, Пәкістан, Франция, Германия және тағы да басқа елдерден хиджабқа байланысты сұрақтармен хабарласып, мұсылман әйелдердің жамылғысын бір күн өздерінің де кигілері келетіндігін айтып ойларымен бөлісіпті.
Оған қоса, ғаламтор төрінде түрлі әлеуметтік жерлерде топтар ашылып, бұл күнді қызу талқылап жатыр. Әлеуметтік желілердің біріндегі қыздардың пікірлер легі мынандай:
«Біздің күнделікті араласатын адамдарымыздың көбісі дерлігі мұсылмандар және олардың барлығы қарапайым, өзіміз сияқтылар ғой, қауіпті деп қорқақтауды қайдан шығарып алдық. Бұл күн мен үшін, жылдың тым болмағанда бір күнінде шашымды жауып, ұзын көйлек киіп, Жаратқанның бұйрығымен жүруге мүмкіндік беретін күн ».
«Егер осындай шаралар көп өткізілетін болса, адамдардың мұсылмандарға деген көзқарасы өзгеретін еді».
«Хиджаб күнін Ислам дінінің тек терроризммен суреттелетін стереотипті жойып, ақиқатқа жету жолындағы бір қадам деп есептесе де болады».
Қандай болғанда да, орамал тағу - тек қана жабынып киінудің ғана емес, әдеміліктің, әйелге тән мінездің айқын бейнесі.
Былтыр бұл күн елімізде елеусіз қалған, биыл бізді не күтіп тұр екен?
Тотия Енсебаева
1 ақпан - Хиджаб күні
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы