Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде Шағбан айының берекесіне орай «Бараат түні» тақырыбында дүйсенбілік рухани ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мешіт имамы Азамат Төлеуханұлы жамағатқа Бараат түнінің исламдағы орны мен рухани мәні жайында кеңінен түсіндіріп, бұл түннің кешірім мен тәубеге келудің айрықша мүмкіндігі екеніне тоқталды. Сондай-ақ, қасиетті түнді құлшылықпен өткізу, Құран оқу, дұға-тілек жасау және игі амалдарды көбейтудің сауапты істер екені насихатталды.
Кеш барысында Құран аяттары оқылып, ел тыныштығы, халықтың амандығы мен жамағаттың бірлігі үшін дұға жасалды. Жиналған жамағатқа рухани тағылым беріліп, ауызашар дастарханы жайылды.
Аталған іс-шара жамағаттың діни сауаттылығын арттыруға, рухани құндылықтарды насихаттауға және қоғамда имандылық пен өзара жанашырлықты нығайтуға бағытталған мешіттің тұрақты ағартушылық бастамаларының бірі болып табылады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы