Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінің имамы Мурсали Қаленұлының ұйымдастыруымен сәбиге азан шақырып, есім қою рәсімі өтті.
Аталған шара барысында жаңа туған сәбиге ислам дәстүріне сай азан шақырылып, мағыналы есім берілді.
Айта кетейік, сәбидің анасы - мұсылман дінін қабылдаған өзге ұлт өкілі.
Рәсім барысында имам Мурсали Қаленұлы бала тәрбиесінің маңыздылығы жөнінде насихат айтып, исламдағы ұрпақ тәрбиесі, ата-ананың жауапкершілігі және отбасындағы имандылық құндылықтар туралы тағылымды ойларымен бөлісті.
Рухани шара дұға-тілекпен қорытындыланды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы