Center Image
IHSAN.KZ
Абайда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті
Абайда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Абай аудандық орталық мешітінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.

Игі іс-шара ауданның бас имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Акцияға мешіт жамағаты мен дін қызметкерлері белсене қатысып, мешіт ауласын қардан тазартып, ішкі және сыртқы тазалық жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында имам Асхат Қанайұлы жиналғандарға тазалықтың дініміздегі орны жайлы насихат айтып, әрбір мұсылманның қоршаған орта мен құлшылық орнын таза ұстауы – имандылықтың белгісі екенін атап өтті.

Мешіт ұжымы мұндай экологиялық шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz