Center Image
IHSAN.KZ
ЖЕЗҚАЗҒАНДА КЕЗЕКТІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
ЖЕЗҚАЗҒАНДА КЕЗЕКТІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Қарағанды облысына қарасты Жезқазған қалалық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешіті «jyly_jurek__group» және « Birlik» қайырымдылық қорларымен бірлесе отырып, «oina_land» отбасылық кешенінде жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың балаларына арнап қайырымдылық іс - шара ұйымдастырды. Бұл күні  балалардың көңілін барынша көтеріп, тәтті тағамдар ұсынылып, аниматорлар шақырылып, түрлі ойындар жүргізілді. Ихсан ілімінде: «қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің»,- дейді. Талай жанның көңіліне медеу, жүрегіне қуаныш сыйлаған осынау сауапты іске үлес қосқан барша азаматқа Алланың амандығы мен берекетін тілейміз. 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz