Center Image
IHSAN.KZ
ТЕМІРТАУ 30 ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТТІ
ТЕМІРТАУ 30 ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Теміртау қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешітінде қайырымдылық шарасы жүзеге асты
 
Теміртау қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешітінде кезекті қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
 
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген атпен өткен іс-шарада тұрмыстық жағдайы төмен 30 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.
 
«ҚМДБ қызметінің дәстүрлі бағыттарының бірі – қайырымдылық екені баршамызға мәлім. Осыған орай, мешіт тарапынан кезекті ізгі шара жүзеге асты. Осы шараны ұйымдастырған мешіт ұжымына және қолдау білдіріп, септігін тигізген әрбір азаматқа Алла разы болсын! Алла сіздерге мол сауаптан жазсын!», деді Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz