Center Image
IHSAN.KZ
Қыз-келіншектерге арналған «Muslimah fest» фестивалі өтті.
Қыз-келіншектерге арналған «Muslimah fest» фестивалі өтті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің жанынан құрылған «Бірлік» қайырымдылық қорының және «Алель Асема» халал компаниясының ұйымдастыруымен қыз-келіншектерге арналған “Muslimah fest” фестивалі өтті. Берекелі шара Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының және облыстық Дін істері басқармасының қолдауымен  жүзеге асты. Игі істің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына «Күнгей» мейрамханасы үлкен үлесін қосып, қолдау көрсетті.

Іс-шараға Қарағанды қалалық «Әл Машани» және «Балақажы» мешітінің ұстазы  Бақыткүл Айтқалиқызы арнайы қатысып,  “Мұсылманның мұсылман алдындағы хақысы” тақырыбында уағыз жүргізді. “Алель Асем” басшысы Акишева Асем Арыстанбековна қыздарға “Принятие себя. Самоценка” тақырыбында насихат жүргізді. Сонымен қатар,  “Бірлік” қайырымдылық қорының еріктісі, нутрициолог Элина Сергазиева “С заботой о здоровье” тақырыбында баяндама оқыды. Шараға  арнайы қонақ ретінде  келген маман Надежда Хмельницкая шақырылып, қыздар жамағатына  “Әйел денсаулығы” тақырыбында көптеген ақпараттармен  бөлісті.

Іс-шара барысында жәрмеңке ұйымдастырылды. Фестивльға барлығы 80 адам қатысты.

Әртүрлі ойындар, викториналар, конкурстар ұйымдастырылды. Қатысушыларға түрлі сертификаттар, бағалы сыйлықтар тапсырылды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz