Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ҚАЗА ТАПҚАН КЕНШІЛЕРДІҢ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ҚАЗА ТАПҚАН КЕНШІЛЕРДІҢ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Қарағанды облысының «Абай» шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан шахтерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

«Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында болған  қайғылы хабар біздің де жанымызға батты. Жантүршігерлік апатта жақындарынан айрылған отбасылардың ауыр қайғысына ортақпын.

Ел үшін қажырлы  еңбек етіп, шынайы бейнетпен келген нанның дәмін татып жүрген  кеншілердің қызметі – қашан да құрметке лайық.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Қарағанды облысы мұсылмандарының атынан марқұмдардың ата-анасына және туған-туыстарының қайғыларымен бөлісе отырып, көңіл айтамын. Алла Тағала қазаның артын қайырлы етіп, Жаратушы Иеміз өз мейіріміне бөлесін!».- делінген жеделхатта.

Айта кетейік, 7 қараша күні таңда «Абай» шахтасында метан газы жарылды. Бұл уақытта шахтада 64 адам жұмыс істеп жатқан. Оның 54-і эвакуацияланды. Апат салдарынан 6 кенші қаза тауып, 2 адам ауыр жарақат алды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz