Center Image
IHSAN.KZ
ЖАҢА МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫ СӘТТІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ (ФОТО)
ЖАҢА МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫ СӘТТІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ (ФОТО)

Қарағанды облысына қарасты Абай ауданы орталық мешіті имамы Аманбол қажы  Рымқұлұлы ауданға қарасты ауыл- аймақты аралап қайтты. Қызметтік сапар барысында «Сарепті» ауылына ат басын бұрып, аймақтағы аяқталып қалған мешіттің құрылысымен және тыныс- тіршілігімен танысты. Аудан имамын ауыл имамы Арғын Дәуренбек күтіп алып, мешітте атқарылған жұмыстармен таныстырды. Дәуренбек имамның ұйымдастыруымен мешіттің сыртқы келбеті өзгерді күмбез ауыстыру шатырын қайта жабу фундаментін қайта көтеру жұмыстары жүргізілді. Су құбыры мен тоқ торабыда жанадан тартылды. От жағатын қосалқы орын салынды. Мешітке апталық пеш орнатылды. Өз кезегінде  аудан имамы осындай қыруар жұмыстарды қолға алып ойдағыдай аяқтаған ауыл имамына алғысын білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz