Center Image
IHSAN.KZ
ТЕМІРТАУ: 15 ОТБАСЫҒА ЖЫЛҚЫНЫҢ ЕТІ ҮЛЕСТІРІЛДІ
ТЕМІРТАУ: 15 ОТБАСЫҒА ЖЫЛҚЫНЫҢ ЕТІ ҮЛЕСТІРІЛДІ

Жақсылық пен қайырымдылық тек дүние мүлік арқылы емес, қажет кезде қолмен, қажет кезде тілмен жасалады. Жасалатын жақсылықы атаулының бәрі садақаға жатады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кез келген жақсы іс – садақа» деген.  ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты “Әлихан Бөкейхан» атындағы Теміртау орталық мешітінде қайырымдылық шара жүзеге асты. Аймаққа қарасты әлеуметтік көмекке мұқтаж он бес отбасына жылқының еті үлестіріліп берілді. Игі шараны ұйымдастыруға ат салысып, демеушілік көмек көрсеткен жомарт жандарға  мешіт имамы Естай Айтуғанұлына  өзінің алғысы мен шексіз ризашылығын  білдірді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz