Center Image
IHSAN.KZ
«САМАРҚА» АУЫЛЫ ҰСТАЗДАРЫ ДӘРІСКЕ ҚАТЫСТЫ
«САМАРҚА» АУЫЛЫ ҰСТАЗДАРЫ ДӘРІСКЕ ҚАТЫСТЫ

Қарағанды облысына қарасты  Абай ауданы орталық мешітінің имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы «Самарқа» ауылына ат басын бұрды. «Бауыржан Момышұлының «Ұстаз ұлық емес, ұлы қызмет» деген сөзі бар. Кезекті қызметтік  іс-сапар барысында  осы жауапкершілігі мол салада қызмет етіп келе жатқан «Самарқа» ауылының ұстаздарымен кездесу өтті. Аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлімімен бірлесе ұйымдастырған шара барысында ауыл ұстаздарына  ақпарат түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы дәріс оқылды. Кездесу барысында ұстаздық қызметтің қаншалықты маңызды екендігі айтылды.  Ұстаздық ету – ұлы жол. Шыңы биік, мінер баспалдағы ауыр жол. Оқу мен тынымсыз еңбектің жолы. 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz