Center Image
IHSAN.KZ
БАЛҚАШ: ЖҮЛДЕНІҢ МАРАПАТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ЖҰМСАЛДЫ
БАЛҚАШ: ЖҮЛДЕНІҢ МАРАПАТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ЖҰМСАЛДЫ

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысы мешіттері арасында салауатты өмір салтын  насихаттау, бұқаралық  спорт түрін  дамыту мақсатында  Жаңаарқа ауданында футболдан кіші турнир болып өткен болатын. Жоғары деңгейде өткен спорттық сайысқа Балқаш  қалалық мешітінің атынан бақ сынасқан команда 4-орынды қанжығасына байлап қайтқан болатын. Табысталған  қаражат аймақ имамының  ұйғаруымен қайырымдылық шарасына жұмсалып, жағдайы  төмен  отбасыларға  азық-түлік  көмек көрсетілді. 

Айта кетейік, додалы сайысқа қатысқан спортшыларды ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша бас имамы арнайы құттықтап, алғыс  хатпен марапаттап,  ақ батасын  берді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz