Center Image
IHSAN.KZ
СӘРЕПТІ МЕШІТІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ
СӘРЕПТІ МЕШІТІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Қарағанды облысы,  Абай ауданына қарасты  «Сарепті» ауылдық мешітіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Жас келсе іске»,- демекші, аталмыш аймақ мешітіне жаңадан тағайындалған  Дәуренбек имам алғашқы қызметтік  жұмысын жөндеу жұмыстарынан бастады. Алдымен, тозығы жеткен мешіттің күмбезі ауыстырылып, су құбыры жаңадан орнатылды. Сонымен қатар,  тоқ торабы да жаңадан  тартылды. Мешіттің ірге тасы қайтадан құйылып,шатыры жөнделді. Сыртқы жұмыстары толығымен аяқталған мешіттің жанынан қосалқы бөлмедегі жылу бөлу үшін от жағылатын орынның да құрылысы аяқталды. осындай игі істің басы-қасында жүріп, берекелі бастаманы жоғары деңгейде жүзеге асуына ықпал жасаған ауыл имамына тұрғындардың ризалығы ерекше.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz