Center Image
IHSAN.KZ
МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ «БАЛМАҒАНБЕТ БАЛҚЫБАЙҰЛЫ» МЕШІТІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ
МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ «БАЛМАҒАНБЕТ БАЛҚЫБАЙҰЛЫ» МЕШІТІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

Қарағанды облысына қарасты Сәтбаев қалалық «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешіті асханасында қасиетті жұма күні  Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туылған айының құрметіне "Ғаламның рақым нұры" атты рухани мәуліт кеші өтті. Іс-шарамыздың басы қасиетті Құран Кәрімді оқумен басталып, пайғамбарымыз ға (с. а. с) салауаттар айтылып, мәуліт оқылды. Одан кейін сөз кезегі мешітіміздің бас имамы Қондыбай қажы Серікбайұлына берілді. Сонымен қатар, кешіміздің арнайы қонақтары болған Жезқазған қаласы "Ахмет ишан Оразайұлы" мешітінен, Кеңгір селосының мешітінен, Сәтбаев қаласы "Сәдуақас Ошақұлы" мешітінен келген имамдарға сөз берілді. Шара барысында арнау, діни мазмұндағы термелер орындалып, викториналық сұрақтар қойылды, сыйлықтар таратылды. Кештің соңында мешітіміздің жамағаты қажы атамыз Темірғали ақсақал бата беріп, Құран бағышталып, дұға жасалды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz