Center Image
IHSAN.KZ
«ӘЛ МАШАНИ» МЕШІТІ МӘУЛІТ МЕЙРАМЫН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ (ФОТО)
«ӘЛ МАШАНИ» МЕШІТІ МӘУЛІТ МЕЙРАМЫН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ (ФОТО)

Мүбәрак Мәуліт айы басталғалы бері елімізде, жалпы мұсылман жұртшылығында Алланың сүйікті құлы, Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымызға арнап Мәуліт дұғасы оқылып, түрлі игі іс - ралар атқарылып жатыр. Сондай бір маңызды шара Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың ардақтысы Әз Мұхаммед» атты мәуліт кеші болып өтті . Қасиетті мейрамға орай ұйымдастырылған берекелі шара шаһардағы «Думан» мейрамханасында жоғары деңгейде аталып өтілді. Аталмыш іс — шараға қаламыздың имамдары, ұстаздары мен дін қызметкерлері, жамағаты, кештің құрметті қонақтары қатысты. Атап айтқанда, ҚМДБ-ның Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы,ҚМДБ-ның Қарағанды облысының  бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Амангелді Тілекқабыл арнайы қатысып,   аймақ  тұрғындарын Мәуліт мерекесімен құттықтады. Шараны ұйымдастырып, игі істің басы-қасында жүрген «Әл Машани» мешітінің имамы Жанболат Қошкелдіұлы берекелі рухани шарада Өзінің уағыз-насихатын айтып, кеш қонақтарына ыстық ілтипатын жеткізді. Бұдан кейін «Бала қажы» мешітінің наиб имамы Аманжолов Сұлтан Мұратұлы Бәрзәнжи мәулітін оқып, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолданды. 

 

 

Мәуліт мерекесінде Пайғамбарға ( с.а.у ) деген сүйіспеншілік жайлы уағыз айтылып, берекелі кешіне қатысушы жамағатқа Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өміріне қатысты сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, "Әл әзһар" университетінде білімін жетілдіріп жатқан Жұмаділда Елдос Қуандықұлы кештің құрметті қонақтарын арнайы бейне байланыс арқылы құттықтап, Өзінің тілегін жеткізді. 

Кеш соңында арнайы Мәуліт кешінің құрметіне жайылған дастархан басында  Құран оқылып еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.

 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz