Center Image
IHSAN.KZ
«ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ
«ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ»  АТТЫ ШАРА ӨТТІ

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Отбасындағы бала тәрбиесі» атты рухани шара болып өтті. Келелі кездесуді «Қарағанды қаласы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ психологы Муканова Сауле Мұратқызы жүргізді. Шара барысында отбасында маңызды болып саналатын бала тәрбиесінің маңызы мен жауапкершілігі терең қозғалды. Шағын мемелекетте ерлі-зайыптылардың бала тәрбиесінде беретін өзіндік орны түсіндірілді. Жиын барысында «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бакирова Арай Серғалиқызы отбасы құндылықтарына қатысты кезекті уағыз-насихатын айтты. Тыңдаушылардың тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар берілді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz