«КЕЛІНІ ЖАҚСЫНЫҢ - КЕРЕГЕСІ АЛТЫН» КЕЛІНДЕР САЙЫСЫ ӨТТІ(ФОТО)
ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты «Әйел-қыздар» секторының бастамасымен, Сатпаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің ұстазы Талипбекова Рахима ұстаздың ұйымдастыруымен «Келіні жақсының-керегесі алтын» атты келіндер сайысы болып өтті. Шараның басты мақсаты қазіргі жас келіндер арасына ежелден ұмыт болған ата -дәстүр салтымызды қайта жаңғыртып, қазақ келінінің бойынан табылуы керек игі қасиеттерді қайта жандандыру. Аталмыш сайыс алты кезеңнен тұрды. Атап айтқанда:
1. «Сәлем – сөздің анасы» - таныстыру кезеңі
2. «Саусағынан бал тамған келіндер-ай!» - әр ұлттың ұлттық тағамын әзірлеп әкелу.
3. Алла Тағаланың көркем есімдерін мағынасымен жатқа айту.
4. «Келін пысық болуымен сүйкімді» - келіндердің епшілдігін анықтайтын жүн иіру кезеңі.
5. «Қылығына сай екен киімдері-ай!» - шариғатқа сай қазақтың ұлттық киімін киіп, таныстыру.
6. «Халқын сүйген – салтын сүйер» - қазақтың салт-дәстүріне байланысты сұрақ-жауап кезеңі.
Берекелі сайысқа ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бакирова Арай Серғалиқызы қатысып, қатысушыларға өзінің игі тілегі мен ақ батасын берді. Әйел жамағатына арнайы уағыз-насихатын жеткізді.
Алты кезеңді қамтыған сайыс барысында барлығынан өзінің өнерімен оза шапқан Жұлдыз Елеусіз үздік деп танылып, бас жүлдені иеленіп, 60 000 теңген қанжығасына байлады. Кезекті 2-орын Айдана Сатыбалдиеваның иелігіне бұйырып, 40 000 теңгені иеленді. Жүлделі 3-орын Айзада Байдильдаеваның қанжығасына бұйырып, 20 000 теңгені иеленді. Сонымен қатар, арнайы номинациялар да болды. Атап айтқанда Айдана Талғат «Салиқалы келін» атанса, «Инабатты келін» атағы Азиза Бекмашқа бұйырды. Әр номинация иесіне 10 000 теңГе қаражат тарту етілді. Осындай берекелі шараны ұйымдастыруға мұрындық болған демеушілер мен барша ат салысушыларға алғыс айтылды. Берекелі шара барысында дастархан жайылып, әйел-қыздар жамағатына арналған уағыз-насихат айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы