Center Image
IHSAN.KZ
АБАЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ
АБАЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық мешітінің жылу жүйесі толық жаңартылды. Атап айтқанда мешіт пен  асханаға жаңа үлгідегі заманауи құрылғымен  қамтылған жылу жүйесі орнатылды. Барлық күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаражат мөлшері алты жарым миллион теңгені құрайды.

Алла елшісі де (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Игі һәм сауапты іс жасауға асығыңдар» деп үмбетін ізгілікке шақырды.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», демекші мешіттің күрделі жөндеу жұмыстарына демеушілік жасаған Алданыш Айдар Қайратұлына мешіт қызметкерлері мен жамағаты айрықша алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Осындай жүрегі дінім деп соққан, нар тұлғалы жанашыр азаматтар барында асыл дініміз Исламның болашағы жарқын боларына сенім зор. 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz