Center Image
IHSAN.KZ
АБАЙ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
АБАЙ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Қарағанды облысына қарасты Абай ауданы Топар кенті «Жұмабек Ташен» атындағы мешітте қайырымдылық шарасы өтті. Ізгі шара барысында мешіт имамы Е.Т.Аманжоловтың арнайы қатысуымен мешіт жамағаты жиналған жүз мың теңге қаражатқа бес қап картоп, сәбіз, азық - түлік  толы қоржын дайындап, мұқтаж отбасыларға үлестірді. Сондай-ақ, бір қой сойылып, еті теңдей таратылды. Нәтижесінде әлеуметтік жағдайы төмен жеті  мұқтаж облысына қайырымдылық үлестірілді. Мешіт алқасына дән риза болған тұрғандар батасын берді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz