Center Image
IHSAN.KZ
БАЛҚАШ: РУХАНИ КЕЛІСІМ ҰЛТ ТҰТАСТЫҒЫ
БАЛҚАШ: РУХАНИ КЕЛІСІМ ҰЛТ ТҰТАСТЫҒЫ

Балқаш қалалық политехникалық колледжінде «Рухани келісім күніне» орай ұйымдастырылған кездесуге Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы Амантай Естай барып қайтты. Шараға ұстаздар тобы мен бірге колледж студенттері қатысты.

Өз кезегінде сөз алған наиб имам Амантай Естай ұжымды және студенттер қауымын келе жатқан рухани келісім күнімен құттықтап, елімізге бірлік пен ынтымақ, татулық пен бейбітшілік тілей отырып, жастарды  еліміздің өсіп-өркендеуіне , қоғамға пайдалы іс жасауға, білімді болуға шақырды.

Ата–бабамыздан келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызбен бірге дәстүрлі дініміздің адам баласын тек ізгілік пен мейірімділікке, ынтымақ пен татулыққа шақыратын құндылықтарын насихаттай келе, қасиетті Құранда: « Адам баласын ұлттар мен ұлыстарға бөлдік, бір-бірін танысын, білсін»-деген аятын тілге тиек ете отырып, елімізде қаншама ұлт пен ұлыстар, түрлі дін өкілдері өмір сүріп жатқанына қарамай, ынтымағымызбен бірлігі жарасқан, бір ананың баласындай өмір сүріп жатқаны оысының бір дәлелі екенін айтып өтті. Бұдан былай да дінаралық, ұлтаралық қарым-қатынастың өзегі татулық пен бірлік, сыйластықтың негізінде қалыптасатын болады деп, сөзін түйіндеді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz