Ак 159/18 түзету мекемесінде жалпы профилактикалық іс-шара аясында ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахымбекұлының қатысуымен кездесу өтті. Шараға 13 жазасын өтеуші қатысты. Арнайы ұйымдастырылған шарада бірнеше өзекті тақырып қозғалды. Сондай-ақ, имам деструктивті діни ағымның қоғамдағы зардабы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тыңдаушылар дін қызметкердің насихатын мұқият тыңдап, соңында сұрақтарын қойып жауабын алды.
Түзету мекемесінде кездесу өтті
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы