ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторының бастамасымен Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы Айтқазин Рауанның ұйымдастыруымен «Жас келсе-іске» атты оффлайн кездесу өтті.
Кездесуге Балқаш қаласы конфессияаралық қатынастарды зерттеу және талдау орталығының теологы Искаков Медет Нұрлыбекұлы және колледж студенттері қатысты. Кездесуде қазіргі қоғамда жастардың заманға сай әр жақты болуы- заманның бұлтартпас талабы екендігі сөз болды. Кездесу соңында наиб имам Айтқазин Рауан жастардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.
Қайырлы кездесуге қатысушылар имамға жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы