Center Image
IHSAN.KZ
ЖЕЗҚАЗҒАН: «МЫС» ҚОРЫТУ ЗАУЫТЫНДА ҚҰРБАН ШАЛЫНДЫ
ЖЕЗҚАЗҒАН: «МЫС» ҚОРЫТУ ЗАУЫТЫНДА  ҚҰРБАН ШАЛЫНДЫ

Құрбан айт қарсанына орай бүгін Жезқазған қаласының "Мыс қорыту" зауытының жұмыскерлері бірігіп құрбан шалып,құран бағыштап, дұға тілектер оқылды. Құрбан малдың еті мұқтаж жандарға таратылды. Жалпы құрбандық шалу әр мұсылманның  міндеті. Алла Тағалаға керегі құрбандықтың еті не қаны емес, құлының ниеті екенін жақсы білу біздің парызымыз.«Әрі барша адамдарды қажылыққа шақыр, олар жаяу немесе алыс жерден арып-ашып, түйемен саған келсін. Келгесін олар мұның өздеріне тигізген пайдаларын көрсін. Алладан өздеріне ризық ретінде берілген құрбандық малдарды белгілі күндерде Алланың атымен құрбандық шалсын. Оның етінен өздерің де жеңдер, жоқ-жітікке де жегізіңдер!» «Хаж» сүресі, 27-28-аяттар. 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz