Center Image
IHSAN.KZ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ ДӘРІСІ ТӘМАМДАЛДЫ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ ДӘРІСІ ТӘМАМДАЛДЫ

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің жанындағы бір айға жалғасқан жазғы сауат ашу дәрісі өз мәресіне жетті. Отыз күн оқу ізденіп, Асыл дініміздің білім нәрімен сусындаған жас шәкірттер мұнда ұстаздардан тәлім алып, Құранның қысқа сүрелерін жаттап, дұға оқуды үйреніп, Алла елшісіне  (с.а.с) салауаттар жолдады. Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде бір ай дәріске қатысқан шәкірттерге ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскеерй Хумар облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының арнайы мадақтамасын табыстап, Өзінің өзек жарды лебізін білдірді. Шәкірттерге ілім алудың маңыздылығын насихаттады. Сондай-ақ, шәкірт оқытудағы ерен еңбектің дәмін татып жүрген мешіт ұстаздарына алғысын білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz