Center Image
IHSAN.KZ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІ «5 АРНА» ТЕЛЕАРНАСЫН КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІ «5 АРНА» ТЕЛЕАРНАСЫН КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің  мерекесі  қарсаңында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұжымы жергілікті «5- Арна» тереарнасының ұжымын айтулы мерекемен арнайы құттықтап,  ҚМДБ-ның Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының алғыс хатын табыстады. Құттықтау барысында ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы осы кәсіби мерекенің жеке аталып өтілуі өте маңызды екенін айтты. Сондай-ақ, облыстағы қаншама байыпты бастамаларды халыққа құлағдар етіп, жақсы істердің жаршысына айналған тереарна ұжымының  еңбектеріне ризашылығын білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz