Жайдары жазбен бірге табиғат аясында демалу маусымы басталды. Осы уақыт аралығында табиғат төсінде серуен құрып, жақын адамдармен бас қосу жиілей түседі. Онсыз да мектеп қабырғасынан жазғы лагере көшкен шәкірттерге табиғат аясындағы демалыс өткізу таптырмас дүние. Осы орайда Қарағанды облыстық Әнет баба мешітінің жанындағы жазғы сауат ашу курсында дәріс алып жатқан жас жеткіншектерге ұстаз Ақбота Қайратқызы және Гайдарқызы Мақпал ұстаз табиғат аясында демалыс ұйымдастырып, көңілді отырысты жүзеге асырды. Сондай – ақ, балаларға тәтті – дәмділер мен сусындар үлестірілді.
ШӘКІРТТЕР ТАБИҒАТ АЯСЫНА ДЕМАЛЫСҚА ШЫҚТЫ
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы