Center Image
IHSAN.KZ
ҚАСАПХАНАЛАРДЫҢ ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
ҚАСАПХАНАЛАРДЫҢ ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Әлем бойынша орын алған карантидік талаптарға байланысты биылғы  Құрбан айттың өз деңгейініде өткізу үшін Қарағанды облысында арнайы штаб құрылды. Құрылған штаб мүшелерінің ұйымдастыруымен  құрбандық  малы шалынатын арнайы қасапханалар белгіленіп, олардың дайындық жұмыстары пысықталды.  Әкімшілік және тазалық пен қауіпсіздік саласының мамандары және рәсімге жауапты деп тағайындалған мешіт қызметкерлері діни рәсім орындалатын жерлерді толықтай аралап, тексеріс жұмыстарын жүргізіп шықты. Қасапхана иелерімен келіссөздер жүргізіліп, құрбан шалудың негізгі шарттарымен таныстырылды.

Діни рәсім жергілікті әкімдік пен санитарлық-дәрігер мамандардың рұқсатымен, тәртіп сақшыларының қадағалауымен карантин талаптарын қатаң түрде сақтай отырып орындалатын болады.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz