Center Image
IHSAN.KZ
«ИХСАН ІЛІМІ- РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ» КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
«ИХСАН ІЛІМІ- РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ»  КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының таныстыру жиыны басталды. Барлық дін қызметкерлері бас қосқан жиын ҚМДБ орталық аппаратында онлайн режимде өтуде. Дін қызметкерлері бас қосқан онлайн жиынға  Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы және «Әнет баба» мешітінің наиб имамдары қатысты. Айта кетейік, Бас мүфтидің бастамасымен шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабында «Жаратушы Аллаға ихсан», «Тұлғалық ихсан», «Ихсан және қоғам» сынды тараулар қамтылып, Ислам ғұламаларының ихсан ілімі жайлы ой-толғамдары берілген.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz